Қазақстанның жасөспірім хоккейші қыздары Латвияға есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионатының ІІА дивизионында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде Латвиядан жеңіліп қалды.

хоккей
Фото: icehockey.kz

Әлем чемпионаты Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатыр. Жарыс 21 қаңтарға дейін жалғасады.

Турнир аясында Қазақстан құрамасы Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Латвия және Нидерландымен шеберлік байқасады.

Үшінші кездесуінде қазақстандық хоккейшілер Латвияға 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық хоккейшілер қазірге дейін Ұлыбританиядан 0:4 есебімен жеңіліп, Түркияны 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді қазақстандық хоккейшілер 20 қаңтарда Қытаймен кездессе, 21 қаңтарда Нидерландымен мұз айдынына шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының ықтимал қарсыластары анықталды.

Қазақстан жастар құрамасы В тобында Швеция, Чехия, Словакия және Швейцария құрамаларымен ойнауы мүмкін.

Жастар арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында Канада астанасы Оттава қаласында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар