Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады — статбюро

АСТАНА. KAZINFORM — 1 маусымдағы көрсеткішке сай Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамға жеткені белгілі болып отыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. 

демография
Коллаж: Midjourney

Жыл басынан бергі өсім — 87,2 мың адам, оның ішінде:
табиғи өсім есебінен — 80 мың адам
көші-қон есебінен — 7,2 мың адам

Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады:

1. Алматы қ. — 2 314 929 адам
2. Түркістан обл. — 2 150 992 адам.
3. Алматы обл. — 1 575 657 адам
4. Астана қ. — 1 566 566 адам
5. Шымкент қ. — 1 274 296 адам
6. Жамбыл обл. — 1 220 481 адам
7. Қарағанды обл. — 1 133 068 адам

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 1 мамыр мекересі қарсаңында елімізде тұрып жатқан ұлт өкілдері арасында саны басым ұлттардың тізімін жариялаған екен.

Соңғы жаңалықтар