Қазақстанның 10 үздік комментаторы анықталды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - КТК телеарнасының бастамасымен өтіп жатқан «Ұлттық комментатор» байқауының бүгінгі қорытындысы бойынша 10 үздік комментатор іріктелді.
None
None

Жалпы, байқау басталғалы бері оған қатысу үшін 200-ден астам адам өтініш білдірген. Бүгінде конкурстың алғашқы кезеңі аяқталып, 10 үздік комментатор іріктелді. Олардың ішінде Арман Абдулханов, Фардин Джуманиязов, Виталий Горбачев, Қобыланды Данағұлов, Ильхам Ушуров, Еркебұлан Сапарғалиев, Азат Абықай, Уәлихан Қосанбаев, Ғазиз Тұрысқұлов және Әсет Рахманбердиевтер бар. Енді, байқаудың екінші кезеңінде футбол матчтарын қазақ және орыс тілдерінде жүргізе алатын екі үздік комментатор анықталады. Жеңімпаздар футболды екі тілде тікелей эфир арқылы жүргізетін болады. «Дегенмен, қазіргі кезде іріктелген 10 үздік комментаторлардың аттары біздің базамызда сақталады. Басқа бір телеарналар іздейтін болса, біз міндетті түрде олардың есімдерін ұсынамыз», - дейді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар