Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан xалқының саны 18 миллион адамға жеткенін мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы мамыр айында Қазақстан xалқының саны 18 миллионға жетті. Осылайша, 11 мамырда 18 миллионыншы адам дүниеге келді. Ол Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны - Мүслима Саматқызы. Мүслима отбасыда екінші бала. Анасы - Омарxанова Диана Ерікқызы, мамандығы - дефектолог. Әкесі - Бестібаев Самат Еркінбекұлы, ұстаз", - деді Сүлейменов Астанада өткен арнайы баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, баланың анасы 1991 жылғы, ал әкесі 1982 жылы туған. Нәрестенің өзі салмағы - 3300 грамм, бойы 51 см болып дүниеге келген.

"Жалпы, тәуелсіздік жылдары халық саны 1 562,5 мың адамға немесе 9,5%-ға өсіп, ағымдағы жылдың 1 маусымға 18 014,2 мың адамды құрады", - деп атап көрсетті министр.

Соңғы жаңалықтар