Қазақстанның 200-ден астам мұғалімі Бурабайда семинар жұмысына қатысты - ҚР БҒМ

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Щучье қаласында 4-10 қараша аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми-әдістемелік семинарларын өткізді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы барысында Елбасы Н. Назарбаевтың стратегиялық бағытын ұстана отырып, Қазақстан әлемнің заманауи тәжірибесіне сай жаңа білім құрылымын құрды. Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесіндегі негізгі тұлға педагог болғандықтан, оқудың жаңа деңгейіне көшуге байланысты сапалы білім беру міндеті мұғалімге жүктеледі», - делінген министрлік хабарламасында.

Баспасөз қзметінің атап өткеніндей, семинарлардың негізгі мақсаты - ұстаздардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру және олардың кәсіби құзырлығын жетілдіру, оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу.

Аталмыш семинарға өңірлерден келген сұраныс бойынша, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден, қалалық және ауыл мектептерінен барлығы 200-ге жуық мұғалім қатысты.

Семинарда дәріс оқуға еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, оқулық авторлары, құрама командалардың ғылыми жетекшілері шақырылды.

«БҰҰ-ның хабарламасы бойынша, 2011 жыл Халықаралық химия жылы деп жарияланып, халықаралық ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша химиядан Менделеев олимпиадасын 2012 жылы өткізуге біздің еліміздің Астана қаласы таңдап алынды. Осыған орай, семинарда химия пәні мұғалімдеріне баса назар аударылды», - деп жазады ведомство.

Ол үшін семинарға М. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің көрнекті ғалымдары арнайы шақырылған. Семинар бағдарламасында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің озық мұғалімдерінің бағыт бойынша іс-тәжірибесімен бөлісуі, шеберлік сынып көрсетілді. Сонымен қатар, «Мұғалім жетістігінің формуласы» педагогикалық қонақжайда ғалымдармен жүздесу болып, Бурабай тарихи және табиғи ескерткіштер аймағына саяхат жасалды.

Соңғы жаңалықтар