Қазақстанның 30 мыңнан астам балалары порнографиялық сипаттағы топтардың құрамында
Қаратау ауданы прокуратурасының «Vkontakte» әлеуметтік желісіне жүргізген мониторингісі бойынша желідегі 63 топ порнографиялық тақырыптағы материалдарды қарайды екен.
Аталған топтарға 8 200 000 адам тіркелген болса, оның 31 247-сі Қазақстанның, ал 2054-і Шымкент қаласының кәмелетке толмаған жасөспірімдері болып табылды.
Мысалға, ВКонтакте желісінде ұзақ уақыт бойы жыныстық қарым-қатынастарды насихаттап, жас өспірімдер арасындағы порнографиялық тақырыптағы материалдары бар «СЕКС» деген топ (сілтеменің мекен-жайы редакцияда бар) өз жұмысын атқарған. Бұл топқа 700 000 қазақстандық және 229 шымкенттік жасөспірімдер тіркелген.
«Ата-аналар өз балаларының Интернеттің қандай әлеуметтік желісіне кіріп, кімдермен байланыста болатындарын қадағалап, көңіл аударып отыруы тиіс», - делінген хабарламада.