Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 мамыр күні таңертең және күндіз Қостанай облысында оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз оңтүстіктен жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, шығыстан, солтүстік-шығыстан қатты жел соғады. Жел екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.
Осы күні Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ертең Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін ұлғаяды.
Петропавл қаласында 4 мамырда оңтүстік-батыстан қатты жел соғады. Түнде жел қарқыны 15-20 м/с, күндіз 15-20, 25 м/с дейін күшейеді.
4 мамырда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен жел соғады. Жел қарқыны 18 м/с дейін жетеді.