Қазақстанның 5 мың мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылына дайындық  аясында еліміздің 5474 мектебінде  ағымдағы жөндеу жұмыстары, 617 білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде,
None
None

деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен pm.kz сайтына.

«5474 мектепте жалпы сомасы 4,7 млрд. теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектептердің 43,6 пайызында жөндеу жұмыстары жасалып бітті», - делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, 617 мектепте жалпы сомасы 19,1 млрд. теңгенің, оның ішінде жылу жүйелері мен қазандықтарды жөндеу, сондай-ақ сантехникалық, электромонтаждық және ішкі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде мектептердің 38 пайызында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жаңа 2012-2013 оқу жылының басындағы жағдай бойынша 211 білім ошағы апатты жағдайда деп танылды. Осы проблеманы шешу үшін елімізде жаңа 90 білім ошағы салынуда, 7 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ведомствоның ақпараты бойынша, ІІ жартыжылдықта Орал қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектебінің», сондай-ақ өңірлерде  шағын құрамда мектептерге арналған 28 ресурстық орталықтың ашылуы жоспарланып отыр. Ал қараша айында Астанада 800 орынға арналған кәсіптік лицейдің құрылысы, жылдың соңында үш ауысымда жұмыс істейтін және апатты жағдайдағы мектептердің орнына салынып жатқан 27 мектептің құрылыстары аяқталады.

Оған қоса, мектептерді жылу беру маусымына дайындау жұмыстары жалғасуда. Еліміздегі 7449 мектептің 1374-і - орталық жылу желісіне қосылған болса, 6075 мектеп автономиялық жылу көзін тұтынады.

Бұл шаралар білім ошақтарын жаңа оқу жылына дайындаудың аясында жүргізілуде және Қазақстанның білім беру саласын құрылымдық жаңартуға бағытталуда.

Қазақстанда барлығы 7449 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді және оларда 2 461 245 оқушы білім алады. Жаңа оқу жылында 255 023 балдырған мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.

Соңғы жаңалықтар