Қазақстанның 5 облысында боран салдарынан жолдар жабылды

Кеше Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, қатты бұрқасын, көрінбеу) келесі жолдарда барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды:
1. «Щучье-Зеренді» 0-80 шақырымы, Щучье қаласынан Зеренді кентіне дейін,
2. «Астана-Петропавл» 18-230 шақырымы, Астана қаласынан Щучье қаласына дейін,
3. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 шақырымы, Қостанай облысы шекарасына Сұрған кентіне дейін,
4. «Жақсы-Есіл-Бұзұлұқ» 0-82 шақырымы, Жақсы кентінен Бұзұлұқ кентіне дейін,
5. «Жезқазған-Петропавл» 377-595 шақырымы, СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін,
6. «Екатеринбор-Алматы» 856-1 141 шақырымы, СҚО шекарасынан Новочеркасское кентіне дейін,
7. «Көкшетау-Атбасар» 45-184 шақырымы, Зеренді кентінен Атбасар қаласына дейін,
8. «Астана-Петропавл» 231-293 шақырымы, Щучье қаласынан Көкшетау қаласына дейін,
9. «Астана-Петропавл» 304-341 шақырымы, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін,
10. «Көкшетау-Рузаевка» 2-61 шақырымы, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін,
11. «Көкшетау-Омбы» 2-50 шақырымы, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін,
12. «Көкшетау қаласының айналма жолы» 0-18 шақырымы;
13. «Көкшетау-Атбасар» 0-45 шақырымы, Көкшетау қаласынан Зеренді кентіне дейін.
Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты (жолдың көрінбеуі, бұрқасын, қар) барлық көлік түрлерінің қозғалысы төменде көрсетілген автожолдарда шектелді:
1. «Ақтөбе-Орск» 39-135 шақырымы, Ш.Қалдыаяқов ауылынан Ресей шекарасына дейін;
2. «Самара-Шымкент», 773 - 965 шақырымы, Белогорка ауылынан - Қарабұтақ ауылына дейінгі аралық;
3. «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы» 0-39 шақырымы.
Қарағанды облысында сағат 13:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (жолдың көрінбеуі, бұрқасын) «Жезқазған-Петропавл» автожолының 65-252 шақырымы, Жезді кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерініңқозғалысы шектелді.
13:30-да «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1 492-1 854 шақырымы, Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерінің қозғалысышектелді.
Қостанай облысында сағат 17:10-да ауа райының нашарлауына байланысты (жолдың көрінбеуі, бұрқасын, қар) барлық көлік түрлерінің қозғалысы төменде көрсетілген автожолдарда шектелді:
1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 108-232 шақырымы, Әулекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін.
2. «Жезқазған - Петропавл» 252-377 шақырымы, Ақмола облысы шекарасынан Қарағанда облысының шекарасына дейін,
3. «Екатеринбор-Алматы» 686-729 шақырымы, Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейін.
Солтүстік Қазақстан облысында сағата 19:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) облыс аумағында барлық бағыттағы жолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді.