Қазақстанның 50 ет өндірушісі 500 млн. теңге айыппұлды даулап алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 50 ет өндірушісі 500 млн. теңге айыппұлды даулап алмақ. Бұл туралы бүгін KazMeatAstana-2016 атты халықаралық форумда Қазақстанның ет өндірушілері одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаев мәлім етті.

2011-2014 жылдары мемлекеттік қолдаумен ірі қара малды сатып алған кәсіпкерлерге қосымша құн салығы салынған.

«Басында біз ірі қара малды әкелгенде, бізге ҚҚС болмайды деп айтқан болатын. Себебі біз мемлекеттік бағдарлама арқылы ірі қара малды импорттадық. Бірақ 2015 жылы ҚҚС салып, бұл мәселені біржақты шешіп тастады. Жалпы бізге 500 млн теңге айыппұл салынып отыр. Дәл қазір бұл сома біздің кәсіпорындарға үлкен салмақ салып отыр», - дейді М.Бақтыбаев.

Түйткілді шешуге кәсіпкерлерді қолдап отырған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі белсенді кірісіп кеткен. Министрліктің анықтағанындай, ҚҚС түрлі себептермен сойылып кеткен ірі қараның әр басына есептелінген. Қаржы министрлігі бұны асыл тұқымды малды мақсатсыз тұтыну деп бағаласа керек.

«Осылайша оларға ҚҚС салынып келген, кейін кәсіпкерлерге салық комитетімен дауласуға тура келді. Біз арнайы бұйрық шығардық, мал басының белгілі бір көлемі азайғанда оған салық салынбайды. Енді біз бұл заңның шықпай тұрып, салынған салығын қалай кері қайтарамыз деген мәселемен айналысып жатырмыз. Біз қазір осы түйткілді Үкіметте көтердік», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. - Қаржы министрлігі бюджет мүддесі үшін күресіп жатыр, бірақ біз оның заңның шикілігінен орын алғанын түсіндірудеміз. Мал түгілі, адам да өледі емес пе. Ол биологиялық процесс. Менің ойымша, біздің айтқандарымыз оларды көндіреді және ол қайта қаралуы тиіс. Бизнес өз мәселесімен жалғыз қалып отырған жоқ».

Соңғы жаңалықтар
telegram