05:00, 14 Сәуір 2022 | GMT +5
Қазақстанның 6 қаласында ауа ластанады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 6 қаласында жайсыз метеорологиялық жағда қалыптасып, ауа ластанады.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.
«2022 жылғы 14 сәуірде Нұр-сұлтан, Жезқазған, Теміртау, Риддер (1-дәрежелі), Семей (1-дәрежелі), Өскемен (1-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін депутаттың қалалардың экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіргенін жазған едік.