Қазақстанның 6 облысында жол жабылды

Ақтөбе облысында төмендегі республикалық жолдардың учаскелерінде жолдар жабылды: "Самара-Шымкент" (615-1240 шақырымдар, БҚО шекарасы-Қызылорда облының шшекарасы); "Қарабұтақ-Комсомол" (0-231 шақырымдар, Қарабұтақ-Қостанай облының шекарасы); "Ақтөбе-Орск" (8-135 шақырымдар, Ақтөбе - РФ шекарасы); "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" (92-401 шақырымдар, Ембі- Ырғыз); "Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы" (0-39 шақырымдар). Облыстық маңыздағы: "Ақтөбе -Родниковка-Мәртөк" (0-82 шақырымдар); "Донское-Бадамша- Ақтөбе -Орск" (35-76 шақырымдар); "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Кеңқияқ-Ембі" (115-179 шақырымдар); "Ақтөбе-Орск-Петропавловка-Хазретовка" (0-37 шақырымдар).
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінім нашарлауы) «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» а/ж (320-704 шақырымдар, Қарағанды облысы шекарасы- Аягоз қаласына дейін) барлық автокөліктердің қозғалысы жабылды.
БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңыздағы "Самара-Шымкент" жолы (280-526 шақырымдар, Орал қаласы - Ақтөбе облысының шекарасы) жүк көлігі мен қоғамдық көлік үшін жабылды. .
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінімнің шектелуі) республикалық автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді: "Қызылорда-Павлодар" (216-424 шақырымдар, Қызылорда облының шекарасы - Жезқазған қаласы), "Алматы-Екатеринбор" (489-637 шақырымдар, Балқаш қаласы - Жамбыл облысының шекарасы).
Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты төмендегі республикалық жолдардың учаскелерінде жол жабылды: «Қарабұтақ-Денисовка» а/ж (231-385 шақырымдар, Ақтөбе облысының шекарасы - Денисовка кенті); "Қостанай-Әулиекөл-Ақмола облысының шекарасына дейін); "Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл" (82-174 шақырымдар). Облыстық маңыздағы: "Жітіқара-Қамысты-Ливановка" (0-73 шақырымдар);"Арқалық-Торғай" (0-145 шақырымдар, Арқалық қ. - Амангелді кенті); "Әулиекөл-Жолдама" (0-257 шақырымдар, Әулиекөл кенті- Амантоғай кенті); "Рудный-Қашыр-Федоровка" (0-83 шақырымдар).
Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран ) "Самара-Шымкент" а/ж (1240-1356 шақырымдар, Арал қ.- Ақтөбе облысы) аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.