09:20, 05 Қараша 2021 | GMT +5
Қазақстанның 7,6 млн тұрғыны коронавирусқа қарсы толық егілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 8 372 506 адам егілді, II компонентті 7 620 215 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, коронавирусқа қарсы толық егілгендер бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңірлер:
Алматы қаласы – 948 425;
Түркістан облысы –910 763;
Шығыс Қазақстан облысы –808 753;
Алматы облысы –742 891;
Шымкент қаласы –520 524;
Қарағанды облысы –509 660.
Еске салайық, 4 қарашада I компонентпен егілгендер саны - 8 355 168, II компонентпен егілгендер саны - 7 588 601 адамды құраған еді.