16:52, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстанның 76 түзеу мекемесінде 43 мың сотталушылар ұсталуда - ІІМ
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстанның 76 түзеу мекемесінде 43 мың сотталушы ұсталып отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа редакциядағы Қылмыстық-атқару кодексінің таныстырылымы барысында Ішкі істер вице-министрі Амантай Күреңбеков мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, 4300 сотталушы түрмелерде камералар бойынша ұсталады. «Ағымдағы жылы Орал мен Қызылорда қалаларында екі түзеу мекемесінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Оларда камералық ұстау бойынша 1800 адам орналасатын болады», - дейді А. Күреңбеков.
Оның айтуынша, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі құқықтық саясаты тұжырымдамасына сәйкес, сотталушыларды отрядтық-барақтық түрден камералар бойынша ұстауға ауыстыру көзделген.