Қазақстанның 9 өңірінде өнеркәсіп өнімдері артты

Мәліметтерге қарағанда, 2016 жылғы қаңтарда 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеген. Мәселен, қаңтарда газ конденсатын қоса алғанда мұнай өндірісі 6,8 млн. тоннаны бензин өндірісі 0,2 млн. тоннаны құрады. Сонымен бірге, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Ал мыс кендері 5,7 млн. тонна болды. Тамақ өнімдерінің, химия, фармацевтика және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Атап айтқанда, ұн өндірісі 0,3 млн. тоннаны құрап, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 108,1 пайызға жеткен.
«Сусындардың, темекі, мұнай өңдеу және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды. Төмендеу Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелді. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 9 өңірінде байқалды», - делінген баспасөз баянында.