Қазақстанның аграрлық кәсіпорындары үшін биоагенттердің бағасын төмендету жоспарлануда - АШМ

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сілтеме жасап.
«2014 жылдан бастап ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін мақтаны өңдеуге арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың, 2016 жылдан бастап ашық және жабық топырақтардың көкөніс, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттер мен биопрепараттардың бағасын арзандату жоспарлануда»,- деді А.Мамытбеков.
Сонымен қатар, ол аса қауіпті зиянды организмдермен күрестің қауіпсіз әдістерін енгізу аясында мақта, көкөніс, жүзімдік және басқа дақылдардың негізгі зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық әдісін енгізу үшін нормативтер жасап шығарылатынын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, жыл сайын химиялық өңдеудің тиімділігін 0,2%-ға арттыру арқылы 2020 жылға қарай карантин мен аса қауіпті организмдердің тарау қаупі коэффициентін 0,88-ге дейін төмендету жоспарланған.
Өз алдына мал дәрігерлік қауіпсіздік аясында халықаралық сарапшылармен бірге ДСҰ-ға кіру есебімен мал дәрігерлік заңнамасын үйлестіру және жетілдіру жүргізіледі.
Мал дәрігерлік ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру, GMP стандартына сәйкес келетін мал дәрігерлік препараттарды, диагностикумдар мен азықтық қосымшаларды өндіруді енгізу жоспарлануда.
Ведомство басшысы «ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы мал дәрігерлігі саласындағы процестерді тиімді басқару, өміршеңдік кезең тізбегі бойынша «фермадан үстелге дейін» принципі негізінде өнімдерді қадағалау, сонымен қатар бақылау және эпизоотикалық мониторинг жүргізу, жұқпалы аурулардың тарауын болжап әрі математикалық модельдеу мүмкін болатынын» атап өтті.