17:42, 07 Ақпан 2011 | GMT +5
Қазақстанның ақпарат пен байланыс саласында жаңа келісімге қол қойылды
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев, республикалық байланыс кәсіподағының төрағасы Уәлишер Байсариев,
«Қазақтелеком» АҚ мен «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағалары Қуанышбек Есекеев пен Салауат Шериязданов 2011-2013 жылдарға арналған әлеуметтік серіктестіктің салалық келісіміне қол қойды.
Келісім тараптарға еңбек өнімділігі мен байланыс саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған экономикалық саясатты жүзеге асыру міндетін жүктейді. Жұмыс берушілер одақтық келісімде еңбекақы жүйесін, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін, қауіпсіз және салауатты жұмыс жағдайын жасау шараларына қатысты мәселелерді айқындауы тиіс.