Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығына зор қызығушылық білдіріп отырмыз - Kingston Technology Inc компаниясының вице-президенті

АЛМАТЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Әлемнің 125 елінде 300 мың сауда нүктесі бар Kingston Technology Inc компаниясы Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығындағы сауда айналымын 2014 жылы 8 млн. долларға дейін жеткізбек.
None
None

Бұл туралы Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп отырған компанияның вице-президенті Кевин Вудың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

«Біз ТМД елдерінің ақпаратттық технолоргиялар нарығын зерттеуді 2 жыл бұрын бастадық. Әлемдік ірі компания болсақ та бұған дейін оған көңіл бөлінбей келген болатын. Қазір біздің Қазақстанға деген қызығушылығымыз өте зор», - дейді К. Ву. Қазақстанға өткен жұма күні келген ол үлкен әсермен ертең АҚШ-қа қайтқалы отыр. Көрген-білгенін міндетті түрде дос-жаранымен бөлісуге асық болып отырғанын айтқан Кевин Ву ауа райы жанға өте жайлы Алматы мен шыңдарын ақ қар көмкерген Алатаудың сұлулығына тәнті болғанын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанның әлеуеті бірқатар Еуропа елдерінен жоғары деп баға берді.

Ақпараттық технология нарығындағы мәліметтерді сақтау жабдықтары бойынша әлемдегі жетекші компанияның сауда айналымы 2012 жылы 4 млрд. долларды құраған. Биыл бұл көрсеткіш 5,5 млрд. долларға жетеді деп жоспарлануда. Оның ішінде Қазақстан нарығындағы үлесі 4 миллион долларды құрамақ.

Соңғы жаңалықтар