Қазақстанның әлемдік дағдарысты жеңудегі тәжірибесі - ресейлік «Ведомости» басылымы

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» айдарымен оқырмандар назарына 2009 жылы ақпанның 26-сында ресейлік «Ведомости» басылымының №34 (2304» жарияланған материалды ұсынамыз. Өткен дағдарыстардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
None
None
нарықтағы өзгерістерге жедел бейімделетін шағын және орта бизнес босап қалған көптеген адамды жұмыспен қамтып, экономикалық өрлеуді жеделдете алады. Бірақ, ресейлік «Бизнес-солидарность» қозғалысы өткізіп отырған дағдарысқа қарсы кеңеске жиналған кәсіпкерлер әзірге өз жағдайларын өте ауыр деп бағалап отыр. Қазір Ресейде әрқайсысында 250-ге дейін адам еңбек ететін және жеке айналымдары 1 миллиард рубльден аз шығатын 2,4 миллион шағын және орта фирма жұмыс істейді. Олар елдегі жұмыс орындарының ширек бөлігін (10,2 миллион) қамтамасыз етіп, жалпы ішкі өнімнің 15 пайызын өндіріп отыр (дамыған елдердегі бұл көрсеткіш 30 пайызға дейін жетеді). Кәсіпкерлердің пікірінше, «бизнеске тиісе бермеу туралы» Дмитрий Медведевтің үндеуі мен кәсіпорындарды тексеруді қысқарту туралы Дума қабылдаған заң күш-қуат құрылымдары мен қадағалаушы орган шенеуніктерінен қолдау таппай отыр. Қосымша құнға салықты және табыс салығын төмендету шарасы шағын және орта бизнестің біршама бөлігінің ғана қаржылық жағдайын жақсарта алды. Ал тексеруші инспекторлардың жорықтары аз ғана қысқарып отыр. Бірақ та шағын фирмаларды «сорудың» жаңа жолдары ойлап табылуда. Салықшылар 1 миллион рубльден кем емес көлемдегі берешекті аудару туралы тапсырмамен келеді. Заң бойынша жылдық айналымы 60 миллион рубльден аспайтын шағын кәсіпорын үшін мұншалықты берешек жабылумен тең. Өткен жылды шығынмен аяқтаған кәсіпкерлерді табыстарын жасыруда деп айыптап, үстеріңнен қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытуда. Кәсіпкерлік проблемаларын зерттеудің ұлттық институтының мәліметтері бойынша, 2008 жылдың аяғы мен 2009 жылдың басында салық органдарының қысымы екі есеге күшейген. Бюрократиялық кедергілерді жеңуге жұмсалатын бизнестің көлеңкелі шығындары, сарапшылардың бағалаулары бойынша, кірістің 6-7 пайызын құрайды екен және әкімшілік қысым күшейген жағдайда бұл сома тек өсе береді. Мемлекеттің шағын бизнеске көрсеткелі отырған 30-50 миллиард рубль көлеміндегі көмегі банктер мен ірі компаниялардың қолдауымен салыстырғанда тым аз. Жағдай 1998 жылдағыдан күрделілеу. Ол кезде шағын бизнес рыноктың демонополизациялануын және несиенің арзандауын пайдаланып, ірі компаниялардан босаған орындарға белсенді ие бола бастады. Қазір керісінше, ірі компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар шағын кәсіпорындарды олардың дәстүрлі қызмет салаларынан - бөлшек сауда, коммуналдық қызмет, тамақтандыру және тұтынатын тауарлар өндірісі салаларынан ығыстыруда.Кәсіпкерлік проблемаларын зерттеудің ұлттық институтының бағалауынша, мұның барлығы шағын бизнестің 20-25 пайызға құлдырауына және жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Осындай сценарийге жол бермеу үшін, Ресей, мүмкін көрші елдердің дағдарысқа қарсы тәжірибелерін пайдалануы керек шығар. 2008 жылдың қараша айында Қазақстанда тек үлкен ғана емес, нақты сектордың шағын кәсіпорындарын да қолдауға бағытталған шаралардың тұтас кешені енгізілді. Қазақстанда шағын және орта бизнес бюджеттен 120 миллиард теңге алады. Бұл бір қарағанда көп емес, небәрі 1миллиард доллар ғана, бірақ бұл экономикаға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың 10 пайызы. Бірақ қазір шағын және орта бизнес үшін салықтық қысымды жеңілдету мен бақылаушы және тексеруші шенеуніктердің өкілеттіктерін қысқарту маңыздырақ. Қазақстанда 2009 жылдан бастап корпоративтік табыс салығы 20 пайызға дейін (бұрынғы 30 пайыздан), 2011 жылы 15 пайызға дейін төмендетіледі, қосымша құн салығы 13 пайыздан 12 пайызға дейін азайтылады. Қосымша құнға салық салынбайтын кәсіпорындардың кірісі екі есеге 38 миллион теңгеге дейін (320 000 доллар) өседі. Тағы бір айтатын нәрсе, Қазақстанның шағын және орта кәспорындары корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерден босатылды және олар шығындарын 10 жылға дейін (бұрынғы үш жылдың орнына) ауыстыра алады. Тағы бір маңызды мәселе, кәсіпорындарды жоспардан тыс тексерген шенеуніктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қатаң тәртіптік жауапқа тарту шарасы (жұмыстан босату, ірі сомада айыппұл салу) да қарастырылған. Отандық кәсіпкерлер бизнесті қолдаудың қазақстандық әдістерін басқа да шаралармен толықтыруды ұсынып отыр. Атап айтқанда, салықтық демалыстар беру, салықтар мен алымдарды бөліп төлеудің оңтайлы және ашық тетігін жасау, экономикалық қылмыс жасады деп күдік келтіргендерді алдын-ала қамауға алуға заң жүзінде тыйым салу сияқты ұсыныстар жасалуда.
Соңғы жаңалықтар