Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар мәселелері ҚР Үкіметі отырысында талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын
None
None

өткізді, оның барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерінің кең ауқымы талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz сайтынан. Нақты айтқанда, Үкімет мүшелері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс жасауы мәселелерін талқылады. ЕАЭО және жаңа Жібек жолы қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасы жобасының негізгі тәсілдерін Ұлттық банк төрағасы Қ. Келімбетов жариялады. Отырыста сондай-ақ 2014-2015 жылдарға арналған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру бойынша Кешенді жоспар жобасы қаралып, мақұлданды. Сонымен бірге, өңірлік даму министрі Б.Жәмішев жер заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар туралы, ал ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы хабарлады. Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарының бірінші кезектегі шаралары туралы мәлімдеді. ҚОСРМ басшысы хабарлағандай, Жоспардың бес мақсатты индикаторы бар. Бұл - суды үнемдеу, су ресурстарын арттыру, ауыз сумен жабдықтау, су бұру және экожүйені сақтау. Нақты айтқанда, Жоспар су тұтынуды ЖІӨ деңгейі бойынша 14 %-ға азайтуды, су жинау бойынша шаралар қолдануды, оның ішінде трансшекаралық өзендерге тәуелділікті төмендетуді қарастырады. Бұдан өзге, республикалық және коммуналдық меншіктегі магистарльдік және үлестіруші каналдарды күрделі жөндеуден өткізу және қалпына келтіру жоспарланған; сондай-ақ 29 су қоймаларын салу қарастырылған. «Алғаш рет ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы көлдерді тазалау және санация бойынша жұмыстар жүргізіліп, өзен арнасын тазалау бойынша жұмыстар жалғасады», - деп хабарлады Н.Қаппаров. Отырыс барысында табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Оспанов тарифтік саясатты жетілдіру бойынша тәсіледерді баяндады. Нақты айтқанда, жаңа тарифтік саясаттың негізі, ТМРА басышысының мәліметінше, реттеудің ұзақ мерзімді параметрлерін орнату болып табылады. «2015 жылы табиғи монополиялардың барлық субъектілері 5 жыл мерзімге ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмысқа көшіріледі», - деп толықтырды М.Оспанов. Жұмыспен қамтудың жол картасын - 2020 жүзеге асыру тағы бір талқылау тақырыбына айналды. Оның орындалу барысы туралы еңбек және халықты әлемуеттік қорғау министрі Т.Дүйсенова мәлімдеді.

Отырысты қортындылай келе, Премьер-Министр сәйкес мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар