Қазақстанның әрбір екінші идеясы шетелде іске асып жатады

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Шетелде қазақстандық ғалымдардың әрбір екінші ғылыми жұмысы көзге түседі. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде

Қазақстанның әрбір екінші идеясы шетелде іске асып жатады

Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының II слетінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов осылай мәлім етті.

Оның айтуынша, өткен жылдың өзінде қазақстандық ғалымдардың 1405 мақаласы Томсон, Скопус және Сайнс сияқты әлемге әйгілі ғылыми базаларға енді. Оған барлық ғылыми басылымдар сілтеме жасайды. «Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда, екі есе артық. Ол кезде 795 мақала енген. Ал ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қазақстандық ғалымдардың 968 мақаласы жарияланды. Осы орайда ерекше атап өтер жәйт, ол мақалалардың 45 пайызына шетелдік ғалымдар сілтеме жасап отырады. Бұл дегеніміз, халықаралық ғылыми журналдарға шыққан әрбір екінші мақала шетелде көзге түскен. Ондағы идея бағаланды, қолға алынды, пайдаға жаратылды деуге болады. Бұның өзі Қазақстандағы ғылымның даму дәрежесін көрсетсе керек», - дейді М.Орынханов.