Қазақстанның әрбір төртінші тұрғыны - жастар өкілі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының 27,5%-ы, яғни 4656,5 мың адамды 14-29 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан жастары - 2013» Ұлттық баяндамасын таныстыруға арналған баспасөз мәслихатында «Жастар» ҒЗО» ЖШС директоры Жанар Бұқанова айтты.
None
None

«Ресми деректер бойынша, республиканың барлық тұрғындарының 27,5 пайызын 14-29 жас аралығындағы жастар құрайды. Гендерлік тұрғыдан алғанда, аймақтардағы ерлердің саны әйелдер санынан әлдеқайда көп, ал республикалық маңызы бар қалаларда керісінше, әйелдер қауымы басым. Мәселен, Алматыда -10%, ал Астанада 6%», - деді ол. Сондай-ақ, Ж. Бұқанованың мәліметінше, қала жастары 55,3 пайыз болса, ауыл жастары 44,7 пайыз болып отыр. 2013 жылғы деректер бойынша, ауыл жастары 2011 жылға қарағанда 2 пайызға азайған.

Айта кету керек, бағдарламаның басты мақсаты еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының орындалуымен таныстыру. Баяндама жастардың демографиялық ахуалы, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жас ұрпақтың денсаулығы, жастар өміріндегі білім мен ғылым, жастар ортасындағы қылмыстылық мәселесі және олардың әлеуметтік-саяси үдерістерге атсалысуы деген 7 негізгі бөлімнен тұрады.

«Осы бағдарлама арқылы біз жастардың өмірден өз орнын тауып, жақсы білім алып, денсаулығын күтіп, табысты жұмыс істеп, баспаналы болып және еліміздің демографиясына үлес қосуына ықпал еткіміз келеді», - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.

Соңғы жаңалықтар