Қазақстанның артиллериялық дивизион командирлері теориялық білімдерін тәжірибеде тағы бір пысықтады

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің бірінде артиллериялық дивизион командирлерінің оқу-әдістемелік жиындары аяқталды.
None
None

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Өңірлік қолбасшылық басқармасында осындай іс-шараларды офицерлердің кәсіби даярлығын көтеру мақсатында тұрақты түрде өткізіп тұру дәстүрге айналған. Жиындар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің ағымдағы жылғы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Онкүндік жиын барысында толыққанды оқу процесін ұйымдастыру үшін егжей-тегжейлі бағдарлама жасалды. Теориялық сабақтар тәжірибе түріне ауыстырылып, мамандар дайындығының жалпы деңгейін анықтау бойынша сынақтар тапсырылды. Жиын соңында офицерлер жаңа материалдарды игеру деңгейі бойынша емтихан тапсырды.

Командирлермен сабақты жүргізуге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының білікті офицерлері тартылды.

Жиынның қорытындысы бойынша оны ұйымдастырушылар артиллериялық дивизион командирлерінің әртүрлі нормативтерді пысықтау кезінде жақсы теориялық білімдері мен тәжірибелерін көрсете алғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар