Қазақстанның әскери делегациясы Бейжің және Шанхай гарнизондарының бірқатар әскери бөлімдерінде болды

АСТАНА.  Желтоқсанның  25-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның әскери делегациясы Бейжің және Шанхай гарнизондарының бірқатар әскери бөлімдерінде болды.
None
None

Қорғаныс министрі  бастаған    қазақстандық делегация   Бейжіңде  Әуе шабуылы қорғанысын басқару орталығында болып,  ондағы  жүмыс жағдайларымен, қару-жарақ және әскери техникалармен танысты.

1941 жылғы сәуірде құрылып,  соғыс жылдары 2000-нан астам шайқасқа қатысқан Бейжің  гарнизонының 3 дивизиясының оқу-жаттығу орталығында келісімшарт қызметінің әскери қызметшілері автомат және минометтен атыс түрлерін көрсетті. Олар нысаналарды  дәлдеу, шартты террористермен ұрыс операциясының элементтерін, жекпе-жек ұрыстың үлгілерін көрсетті.

Шанхайда қазақстандық делегация контр-адмирал Сюй Вэйбин басшылық ететін Әскери-теңіз базасында да  болды. База қолбасшысының айтуынша,  бұл жерде қызмет етуге барлық жағдай жасалған. Онда Қазақстанның  Қорғаныс министрі  теңіз кемелерімен,  ондағы теңізшілердің  қызметімен    таныстырылды.

Әскери-теңіз базасының қолбасшысы контр-адмирал Сюй Вэйбин мен кеме командирі II рангалы капитан Лю Мянь қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің қалыптасуы жолында барынша көмек көрсететіндеріне сендірді.

Ресми сапардың қорытындысы  бойынша,  Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қазақстандық әскери делегацияға жоғары деңгейде көңіл бөлгені үшін Қытай тарапына алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар