Қазақстанның әскери қызметшілері алғаш рет АҚШ-та білім алады (ФОТО)

Қазіргі уақытта өткен жылдан бастап Әскери-әуе күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Әскери-теңіз күштері және әскери полицияның сержанттар құрамының қызметі мен даярлау жүйесін зерделеуге назар аударылған. 2016 жылға арналған әскери байланыс жоспарын талқылау кезінде осы тапсырмаларды іске асыру үшін АҚШ-тың оқу орындарының базасында старшиналарды оқыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақтау қаласында Ұлттық қорғаныс университетіне түсу үшін старшиналарды іріктеу өтті. Онда ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері 2-сыныпты старшина Дания Еркенов, 3-сыныпты старшиналар Жасұлан Есентай мен Нұрлыбек Қуатов және аға сержант Әсет Дименов тіл дайындығы курсын бітіргені туралы куәлік алды.
Сонымен, Ұлттық қорғаныс университетінде тіл дайындығын сәтті аяқтап және оқуға түсу үшін қажетті ұпайды жинап, алғаш рет АҚШ ӘТК жоғары құрамды старшиналардың академиясына (Род Айленд штаты) 3-сыныпты старшина Жасұлан Есентай аттанды. Ол ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін білім алады. Наурыздың соңында Калифорния штатына АҚШ-тың жағалық күзет старшиналарының академиясына оқуға аға сержант Әсет Дименов аттанады.