Қазақстанның астық қамбасы дәнге толы - Елбасы

«Менің Қостанайда жүргізіліп жатқан жұмыстарға көңілім толды. Азық-түлік жетіспегендіктен әлемнің көптеген елдері қиын жағдайда қалған бұл құрғақшылық жылы біздің астық қамбаларымыз дәнге толы. Елімізге жоспарлы, міндетті түрде жаңаагротехника енгізіліп, техника жаңартылып отырғандықтан шаруалар жақсы астық жинайды, мемлекет миллиардтаған субсидия бөлуде. Ауыл шаруашылығын өндірушілер жанар-жағармай, тыңайтқыш, тұқым мәселелерімен кездесіп отырған жоқ. Тіпті далаға 90 күн бойы ылғал тамбаған қиын жылдың өзінде олар бидай өсірген болатын. Сондықтан биылғы жылы ауыл эконимикасының кірісі астық бағасының өскендігін есептегенде былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп болады», - деді Президент.
«Мен Қостанайда аса қуатты жаңа өндіріс - күніне 4 тоннадан астам өнім шығара алатын Азия аймағындағы ең ірі макарон фабрикасын көрдім. Бұндай өндірістер болашақта да дами береді, әсіресе жаңа Кеден одағының жағдайында. Бірақ біз, көрші мемлекеттердің рыногына кірер кезде, тауардың сапасын жоғалтып алмауымыз керек. Өйткені болашақ тек бәсекелестік ортада», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының сөзінше, Қостанай облысының әлеуметтік саласының даму қарқыны көз қуантады. Жаңа бес медициналық мекеме пайдалануға берілуде, барлық мектептер күрделі жөндеуден өткізілген, қостанайлық бүлдіршіндердің 95 пайызы балабақшаларға орналастырылған (бұл - ел бойынша бірінші көрсеткіш).
Қостанай облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының 30 пайызға өсуі - бұл да бірінші көрсеткіш.
Жаңа өнімнің бидайының бағасы мәселесі туралы айта келе, Елбасы оның өсетініне шүбә келтірмейтініне сенім білдіріп, қазақстандық ауылшаруашылығы өндірушілері өз тауарларын еркін сатға мүмкіндік алатынын атап өтті.