Қазақстанның автожолдарында 177 адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қолайсыз ауа райы салдарынан жолда қалған 177 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
None
None

Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 177 адам құтқарылды және 454 адам қауіпсіз жерге көшірілді, соның ішінде Ақтөбе облысында 173 адам құтқарылып, 454 адам қауіпсіз жерге жеткізілсе, Атырау облысында 4 адам құтқарылған.

Жол бекеттерінде қозғалысқа шектеу қойылуына байланысты 265 техника тұр. Ақмола облысында - 132, Ақтөбе облысында - 85, Қостанайда - 48 техника. Сонымен қатар, Ақтөбе облысындағы жолдарда 40 техника қар құрсауында қалып отыр. Сол жерлерде тамақ беру орындары ұйымдастырылған.

Әлі де жалғасып жатқан апаттық-құтқару жұмыстарына 148 маман мен 67 техника жұмылдырылды.

Қар басып қалған жолдарды тазалауға 375 қар тазалаушы жұмылдырылды.

Ақтөбенің Хромтау және Қарғалы аудандарында жергілікті ауқымдағы ТЖ режімі жарияланған, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында жергілікті ауқымдағы ТЖ режімі сақталуда.

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жүргізушілерді тиісті ескертулерді назарда ұстап, ауа райы бұзылғанда, жолдарды қар басқанда жән көктайғақта сапардан бас тартуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар