Қазақстанның азаматтық авиациясы британдық модельге көшетiн болады
"Транзиттiк әлеуеттi және аралас жүк тасымалының әлеуетiн тиiмдi пайдалану мақсатында осы бағытта әкiмшiлiк кедергiлердi жою бойынша жұмыстар басталды. Жүк тасымалдау барысында электронды құжат айналымын жүргiзу үшiн салық және кедендiк заңнамаларына өзгерiстер енгiзiледi. Осы қадамның нәтижесiнде 2020 жылға қарай ҚР әуе кеңiстiгi арқылы өтетiн жүктердiң 30 пайызына өзiмiзде қызмет көрсетуге мүмкiндiк аламыз", - деді министр.
Оның сөзiне қарағанда, Елбасының Ұлт жоспарының 68-қадамында көрсетiлгенiндей, Қазақстанның азаматтық авиация комитетiнiң қызметiн Британияның азаматтық авиация агенттiгiнiң және ЕО авиация қауiпсiздiгi агенттiгiнiң модельдерiне көшiру арқылы, әуетасымалы саласында мемлекеттiк реттеудiң жұмысын оңтайландыру көзделген.
"Қазiргi уақытта әлемнiң жетекшi авиациялық әкiмшілiктерiмен келiссөздер жүруде. Келесi жылы шетелдiк мамандар iске кiрiседi деп ойлап отырмыз. Ол ИКАО стандарттарына сәйкестiгiн 65 пайыздан 75 пайызға жоғарылатуға мүмкiндiк бередi", - дедi Әсет Исекешев.