Қазақстанның банк секторы қазір 2008-2009 жылдарға қарағанда өзін қолайлы сезінуде -

МАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгінгі таңда жаңа қаржылық дағдарыстың драмалық сценарийі байқалмайды.
None
None

"Қазақстан халық банкі" АҚ-ның төрайымы Үміт Шаяхметова бүгін Алматыда 9 айдағы біріктірілген қаржылық нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді.

"Қазақстанның банк секторы 2008-2009 жылдарға қарағанда өзін қолайлы сезінуде. Қазір банк секторының өтімділігі жеткілікті деңгейде. Алтын-валюта қоры да 2009 жылмен салыстырғанда 20 миллиард доллардан астам жоғары. Сыртқы қарыз да төмен. Банк секторының проблемалық кредиті мөлдірленді", - дейді Үміт Болатханқызы. Ү. Шаяхметованың айтуынша, банк секторындағы ірілену ағымы алдағы уақытта да жалғасады. Нарықта бірігу, сатып алу үдерісі орын алуы мүмкін. Қазірдің өзінде капитал көлемін ұлғайта алмаған бірқатар банктер лицензиясынан айырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар