Қазақстанның банк жүйесі кейбір олқылықтарына қарамастан ТМД елдерінде әлі ең үздік болып отыр - Григорий Марченко

None
None
АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Зейнетақы жүйесінде ТМД өзге елдері Қазақстаннан кемінде 10 жылға артта келе жатыр.

Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

"Қазақстан үшін 2008-2009 жылдардағы дағдарыс 1992-1993 жылдардағы дағдарыспен салыстырғанда түк болмай қалады. Кеңес одағы тарағаннан кейінгі қаржы жүйесі, кәсіпорындар арасындағы қарыз бен төлемдегі қиын жағдай қазір ұмытылды. Мәселен 1994 жылы маусымда айлық инфляция 46,5 пайыз болды. Сондықтан 2008-2009 жылдардағы дағдарыс батыс елдері үшін шошынарлық үлкен жағдай болды", - дейді Г.Марченко. Оның айтуынша, 1992-1993 жылдардағы дағдарыстан кейін Қазақстан банк жүйесін қарқынды дамытуға мүмкіндік алды. Қазір ол кейбір олқылықтарына қарамастан ТМД елдерінде ең үздік болып отыр. Бұл нақты факт. Әлі ойланатын, жұмыс істейтін тұстар да жеткілікті. Сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығы әлі біз ойлаған деңгейде емес.

"Тәуелсіздік жылдарындағы жетістік қомақты. 1991-93 жылдары бізде қаржы жүйесі болған жоқ. Банктердің өзіндік капиталы 1993 жылы 1 миллиард доллар болатын. Ал банктердің саны 238-ді құрады. Жертөледе, 3 бөлмелі пәтерде жұмыс жасап келген бұл банктерді мен кейін жою үдерісіне қатыстым", - деді Григорий Марченко.

Соңғы жаңалықтар
telegram