Қазақстанның барлық саладағы жетістіктері үлгі болып табылады - ирандық сарапшылар
Жиналған қонақтар мен журналистер Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі баптарымен, республиканың алдағы 10 жылға белгіленген даму бағдарымен таныстырылды. «Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар сондай-ақ, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен еліміздің Индустрияландыру картасы туралы хабардар етілді. Аталмыш бағдарламаның аясында жалпы инвестиция көлемі 6,5 триллион теңгені құрайтын 162 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғаны атап көрсетілді.
Жиналған сарапшылар мен талдаушылар, Қазақстанның барлық саладағы жетістіктері еліктеуге тұрарлық үлгі болып табылатыны туралы пікір білдірді және Жолдауды - алдағы 10 жылдағы елдің даму бағдарламасын мазмұндайтын бірегей құжат ретінде бағалады.
«Дөңгелек үстел» отырысына сыртқы істер, сауда министрліктері мен Сауда-өнеркәсіптік палаталарының басшылары, Сыртқы істер министрлігінің Азия және Кавказ институтының, Парламенттің Сыртқы саяси орталығының, Иранды және Еуразияны зерттеу орталығының сарапшылары, сондай-ақ Иранның іскер топ өкілдері мен журналистері қатысты.