Қазақстанның бас мүфтиі Мысыр мәдени орталығының директорын қабылдады

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Алматыдағы Мысыр мәдени орталығының директоры доктор Ашраф Даруишті оның өтініші бойынша қабылдады.
None
None

Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлім етті.

Басқосуда Бас мүфти еліміздегі діни кадрларды дайындаудың маңызына тоқталды. Дінбасы мешіттерді имамдармен қамтамасыз етуде Алматыдағы «Нұр Мүбарак» университетінің игі жұмысы туралы баяндады. «Ал қызмет етіп жатқан имамдардың білімін жетілдіру мақсатында Алматыдан Ислам институтын аштық. Онда негізгі қызметтерінен қол үзбей мыңнан астам имам білімдерін жетілдірді. Бұдан бөлек, еліміз бойынша республикалық деңгейде 9 медресе жұмыс істейді. Оларды жыл сайын жүзден астам түлектер бітіріп, діни қызметке тартылуда. Ал «Нұр Мүбарак» университетін жыл сайын 40-қа жуық жас бітіріп, жоғары білімді имам-хатиб мамандығын алып қызмет етуде», - деді Дінбасы.

Өз кезегінде Ашраф Даруиш мырза Бас мүфтиге діни басқармамен бірлесе отырып «Ислам білімі, ғылымы мен мәдениеті» тақырыбы аясында халықаралық форум өткізуді ұсынды. Дінбасы қонақтың ұсынысын құп ала келіп, өз тарапынан қазақ даласынан шыққан ғұламаларды бірлесе зерттеу жайлы ұсыныс жасады.

 

 

Соңғы жаңалықтар