Қазақстанның Бас прокуратурасы Өзбекстанның екі азаматы мен Армения азаматын беру туралы өтінішті қанағаттандырды

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның Бас прокуратурасы 1993 жылғы 22 қаңтардағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Минск конвенциясының 56-бабына сәйкес Өзбекстанның екі азаматын беру жөніндегі өтінішті қанағаттандырды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
None
None

Өзбекстанның құқық қорғау орындарына ұрлық жасағаны үшін (Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабы) сот үкімін орындауға 1976 жылы туған Оразалы Қолдасов және бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға (Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабы) 1982 жылы туған Камолиддин Нишонов беріледі.

Сондай-ақ 2002 жылғы 7 қазандағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Кишинев конвенциясының 66-бабына сәйкес Армения Республикасы Бас прокуратурасының 30 жастағы Грайва Товмасянды қасақана дене жарақатын салғаны үшін (Армения Республикасының ҚК 112, 113-баптары) қылмыстық жауапкершілікке тартуға беру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Көршілес мемлекеттердің құқықтық органдарына бұл адамдарды беруді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар