Қазақстанның Бас прокуроры соғыс ардагерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

БІШКЕК. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Құқық және мемлекеттік қызмет жөніндегі Қырғыз-қазақ академиясында Ұлы Жеңістің 64 жылдығына арналған салтанатты шара болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Студенттер мен оқытушылар Академияның ректоры, 1941 жылы майданға Қазақстанның Семей облысынан аттанған Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Терентьевич Михайленкомен кездесті. Ардагер қазақстан-қырғыз екіжақты келісімдері негізінде екі бауырлас республика үшін заңгер-құқықтанушылар дайындайтын өзі басшылық ететін оқу орнының студенттеріне Кеңес халқының Ұлы Жеңіс жолындағы ерен ерлігі туралы әңгімелеп берді. Ардагерге ерлігі үшін алғыстарын білдірген жас ұрпақ өкілдері оған гүл шоқтарын табыс етті. Николай Терентьевичті сондай-ақ, оның қазақстандық шәкірттерінің бірі - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми телефон арқылы құттықтап, ардагерге денсаулық, ғылыми және педагогикалық қызметіне табыс тіледі.
Соңғы жаңалықтар