Қазақстанның, басқалардан бұрын, халықаралық деңгейде ядролық қаруға қарсы жобаларды ұсынуына моральдық құқы бар

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Кезінде көп жылғы ядролық сынақтардың сұмдық зардабын басынан кешкен Қазақстанның бәрінен бұрын халықаралық деңгейде ядролық қаруға қарсы жобаларды ұсынуына және ядролық қауіпсіздік мәселелерін сындарлы шешуге қолдау көрсетуге моральдық құқы бар.
None
None

Белгілі болғанындай, жарты ғасыр бойы Қазақстан аумағында 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жүзеге асқан, ал ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945-інші жылы Хиросиманы қиратқан атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түскен. Қазақстанда өткізілген жарты ғасырға жуық кезеңдегі ядролық сынақтар халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға орасан зор залалын тигізген. Мамандардың бағалауынша, жер қыртысы өзінің өнім өсе алардай күшін қайта қалпына келтіруі үшін, жоқ дегенде, 300 жылдай уақыт қажет екен.

Вашингтондағы ядролық қауіпсіздікке қарсы сәуір саммиті қарсаңында Елбасының «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» деген тақырыпта жарияланған жаңа мақаласы Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау және ядросыз әлем құру ұстанымдарына аса мүдделі және оны қатаң ұстанатынының тағы бір айғағына айналып отыр.

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит Вашингтонда (АҚШ) 2010 жылғы сәуірдің 12-сі 13-і күндері өтеді. Саммитке қатысуға Америка тарабы 43 елдің өкілдеріне шақыру жіберген.

Соңғы жаңалықтар