Қазақстанның бастамасы бойынша Вильнюсте энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелері туралы ЕҚЫҰ семинары өтіп жатыр

ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған Қазақстанның бастамасымен, Литвадағы дипломатиялық үкімет пен Ұйымның Экономикалық және экологиялық қызметін Үйлестірушісі бюросының ынтымақтасуымен ұйымдастырылып отырған семинарға беделді сараптамалық қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдардың, іскерлік және ғылыми орталардың 200-ге тарта өкілі қатысты.
Іс-шараның күн тәртібінде ЕҚЫҰ аймағын энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласындағы халықаралық қызметтің перспективалары мен оның нәтижелілігін арттыру жолдары, сондай-ақ негізгі өнім жеткізушілері энергия ресурстарын тасымалдау елдері мен тұтынушылары болып отырған Ұйымға мүше мемлекеттердің аталған саладағы ынтымақтастығын дамыту үшін жасалатын жағдайды жетілдіру жолдары талқыланды.
«Қазақстан ЕҚЫҰ аймағын тиімді энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын халықаралық қауіпсіздіктің жалпы құрылымындағы ажырамас бөлігі ретінде жақсы түсінеді. Ұйымға мүше барлық мемлекеттердің дәйекті түрде экономикалық дамуы көп жағдайда энергия ресурстарының жеткізушілердің тұрақтылығына тәуелді болады», - деп атап өтті семинардың ашылу барысында ЕҚЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілінің орынбасары Ақан Рахметуллин.
Іс-шараға қатысып отырған ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришанбо аймақтағы энергетикалық қауіпсіздік қатерлерін ескертудегі, олардың алдын алу мен осы халықаралық ұйымға мүше елдердің көтеріп отырған мәселедегі көзқарастарын жақындастыру бойынша ықпалды қадамдарды іріктеп алудағы Ұйымның рөлін ерекше атап өтті.