Қазақстанның басым аумағында қар жауу тыйылады, тек шығыс өңірдің кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында қар жауу тыйылады, тек шығыс және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде боран соғып, жел екпіні секундына 15-22 метрге жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, боран тұрады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарында жаяу боран жүріп, жел қуаты секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Ақтөбе облысында таңертең тұман басады.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Қазақстанның су нысандарының басым бөлігінде мұз қату үдерісі жалғасады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар