Қазақстанның басым аумағында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аумағында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде.
None
None

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында нөсерлі жаңбыр жаууы ықтимал. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, Алматы облысында құмды дауыл болады.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында жоғары өрт қаупі байқалады.

Соңғы жаңалықтар