Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады – cәрсенбіге арналған ауа райы

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауады.
Қазақстанның қалған аумақтарында Солтүстік антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде – тұман, Жалаңашкөл аймағында жел 18-23 м/с күшейеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз күтіледі.