08:16, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазақстанның басым өңіріндегі желдер бүгін де сақталады - Қазгидромет
СТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін, сәуірдің 9-ы күні Қазақстанның басым аймағы антициклонның ықпалында болады. Ал елдің батыс бөлігі атмосфералық ағымдармен байланысты циклонның әсерінде болмақ.
Мәселен, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды боран соғып, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Шығыс Қазақстан, сондай-ақ күндіз Қостанай мен Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында 15-23 м/с екпінде жел көтеріледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде күндіз күн күркіреп, 15-20 м/с күшпен жел соғады деп болжануда.