Қазақстанның батыс облыстарының жас ақындары айтысты - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 7 мамыр күні Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Жаспын деме, сан ғасырлық тарихың бар» атты аймақтық жас ақындар айтысы мәреге жетті.
None
None

Сырым ауданы әкімдігі мен БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған сөз сайысына Батыс Қазақстанмен қатар Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарынан он ақын қатысты.

Қос айналымнан тұрған айтыс қорытындысында Маңғыстаудың Жаңаөзен қаласынан келген Абай Жолмағанбетов бас жүлдені жеңіп алды. Атыраулық Шалқарбай Ізбасаров - бірінші, сырымдық Бауыржан Мұстафиев - екінші, ақжайықтық Айнабек Бисенғалиев пен оралдық Талғат Мықи үшінші орынды еншіледі. Қатысушылардың бәріне бағалы және ақшалай сыйлықтар, диплом, алғысхаттар табыс етілді. Белгілі айтыс ақыны, қазылар алқасының төрайымы Дариға Мұштанованың айтуынша, халық көп жиналып, бір жасап қалды. «Жалпы, айтыстың деңгейі жаман болған жоқ. Әсіресе, Абай Жолмағанбетовтің сөз саптауы жақсы. Шалқарбайдың арыны да қатты. Жастардың өз еліміздің тарихын біліп, тани түсуі үшін мұндай айтыстар керек, әрине», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар