Қазақстанның батыс өңірлері атмосфералық ағындар аумағында болады, кей жерлерде қар жауады - 16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, республика аумағының көптеген бөлігіне антициклон ықпал етіп,
None
None

жауын-шашынсыз күн райы күтілуде, кейбір жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Қазақстанның батыс өңірлері атмосфералық ағындар аумағында болып, кейбір жерлерде жауын-шашын болады деп күтілуде.

Атырау облысының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 17-22 м/с дейін күшеюі ықтимал. Маңғыстау облысында, түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде желдің 5-20 м/с дейін көтерілуі күтілуде. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Қостанай облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе облысының кейбір жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейлерінің ауытқуы ықтимал. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмеуде.

Соңғы жаңалықтар