18:22, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанның білім беру жүйесінде әлемдік үздік тәжірибемен қатар ұлттық ерекшеліктер де ескеріліп отыр - Б. Жұмағұлов
ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік үздік тәжірибемен қатар Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін де ескеріп отырмыз. Бұл туралы бүгін Астанада АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакспен кездесу кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Бізде қазіргі кезде ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы белсенді жұмыстар бойынша жаңа кезеңі басталып отыр. Меніңше, бұл жақсы бағыт болып табылады. Білім саласында біз Еуропадағы және АҚШ-тағы үздік тәжірибені алып отырмыз. Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік үздік тәжірибемен қатар өзіміздің ұлттық ерекшеліктерді де ескеріп отырмыз»,-деді министр.
Бұл тұрғыда ведомство басшысы Қазақстанның «Болашақ» бағдарламасының ерекшеліктерін айтып өтті.
Өз кезегінде К. Фэйрфакс бүгінде АҚШ-та оқып жүрген Қазақстан студенттері жалпы мемлекет жайында өте жақсы пікір қалыптастырып отырғандығын ескеріп өтті. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық жастардың білім алу үлгерімі мен ғылымға талпынысы жоғары деңгейде.