Қазақстанның бірқатар аймақтарында тұман, желдің күшеюі және бұрқасын күтілуде

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстанның көптеген аумағына антициклон ықпал етіп, онымен бірге жауын-шашынсыз күн райы күтілуде, кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал,
None
None

деп хабарлайды «Қазгидромет».

Тек солтүстік-шығыс өңірлер ғана атмосфералық ағындардың ықпалына түсіп, кейбір жерлерде қар жауады, жел тұрып, бұрқасындатады. Алматы, Ақмола облыстарының кейбір жерлерінде түнде тұман түсуі ықтимал. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде желдің күші 15-23 м/с дейін жетеді. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, желдің 15-22 м/с дейін күшеюі ықтимал. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын, желдің 15-22 м/с дейін жетуі күтілуде.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейлерінің ауытқуы мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмеуде.

Соңғы жаңалықтар