Қазақстанның бірқатар облысында қар жауып, жел күшейеді, күн суытады

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігіне фронталдық ауа бөліністері ықпал етіп, қар жауады, екпіндете жел соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады.
None
None

Ал республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады ҚР ТЖМ Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ақмола облысында жел екпіні секундына 17-11 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар бұрасындатып, жел жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында да жел жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейіп, кей жерлерде боран соғады. Алматы облысының жекелеген аудандарында көктайғақ болып, күшті жел тұрады, түнде тұман түседі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, ал Оңтүстік Қазақстан облысында түнде жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, ал Атырау облысында жел қуаты секундына 15-20 метрге дейін күшеймек.

Таяу тәулікте еліміздің солтүстік бөлігіндегі су нысандарында мұз қата бастайды. Республиканың шығысындағы кейбір өзендерде мұз қатуына байланысты су деңгейі шұғыл көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар