Қазақстанның бірқатар облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Жамбыл облыстарында жол қозғалыстарына шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
None
None

Нақтырақ айтқанда, 29 желтоқсан күнгі ахуал бойынша, Астана қаласында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын) «Астана-Қарағанды» а/ж, «Астана-Павлодар», «Астана-Қорғалжын» авто жолында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысында 29 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты (боран,көрінбеу) «Астана-Ерейметау-Шідерты» (16-205 шақырым), «Астана-Қорғалжын»; «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1247-1128 ш.); «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1275-1353 ш.) «Астана-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау» а/ж (16-51 ш.) учаскілерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысында 29 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Қарағанды-Аягөз-Боғас» а/ж (700-900 ш., Аягөз-Ақсуат бұрылысы); «Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» а/ж (108-123 ш., Шемонаиха қ.-РФ шек.); «Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» а/ж (54-102 ш., Первомайка а.-Шемонаиха қ.-РФ шек.); «Алматы-Өскемен» а/ж (977-1073 ш., Қалбатау а.-Қ.Қайсенов к); «Өскемен-Семей» а/ж (10-154 ш., Герасимовка-Шульбинка бұрылысы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

Қарағанды облысында 29 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) барлық бағыттарда жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қостанай облысында 29 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, боран, көрінбеу) «Әулиекөл-Жалдама» а/ж (53-257 ш.);

«Қарабұтақ-Денисовка-Қостанай» а/ж (231-385 ш.); «Денисовка-Жітіқара-Мүктікөл-РФ шек.» а/ж (82-174 ш.);

«Арқалық-Торғай» а/ж (0-98 ш.);

«Жезқазған-Петропавловск» а/ж (252-377 ш.);

«Қостанай-Әулиекөл-Сурган» а/ж (108-232 ш.);

«Жітіқара-Чайковское» а/ж (0-24 ш.);

«Тобол-Тарановское-Красносельско-Набережный» а/ж (0-46 ш.);

«Тарановское-Варваринка» а/ж (0-40 ш.);

«Жітіқара-Қамысты-Ливановка» а/ж (0-73 ш.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Павлодар облысында 29 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Қызылорда-Павлодар» а/ж учаскесінде (1135-1206 км. ) Шідерті кентінен Қарағанды облысы шекарасына дейін барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Жамбыл облысында 29 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінбеу) «Б.Момышұлы-Қошқарата» а/ж (10-67 ш.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар