Қазақстанның бірқатар өңірінде жоғары өрт қаупі сақталады

жел күшейеді, шаң борайды. Республиканың батысы жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерді тұман басады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-22 метрге барады. Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында жел қуаты секундына 15-22 метрге жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, шаң борайды. Маңғыстау облысының Каспий жағалауын тұман басады.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяу тәулікте күтілетін жаңбырға байланысты Алматы облысының жекелеген тау өзендерінің су деңгейі артады. Ал республиканың оңтүстік және шығыс тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.