14:19, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанның бизнес-қауымдастығы алдағы сайлауларда «Нұр Отан» партиясын қолдайды - А.Мырзахметов
ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Нұр Отан» партиясының елде жүргізіп отырған саясатының басымдықтарының бірі - шағын және орта бизнесті дамыту.
Билік партиясының кешенді жұмысының арқасында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жасалған»,-дейді «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов. Бұл туралы ол бүгін журналистерге берген сұхбатында айтты.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның бизнес-қауымдастығы алдағы сайлауларда «Нұр Отан» партиясын қолдайды. Тек қолдап қана қоймай, сайлау науқанындағы жұмыстарға да белсене араласады.
«Бұл бағыттағы жұмыстар, әсіресе, еліміздің аймақтарында белсенді жүреді деген ойдамын. Біз отандық және бәсекеге қабілетті бизнесті қолдаймыз. Біз еліміздің экономикасының гүлденгенін қалаймыз.
Осы игіліктердің барлығын біз «Нұр Отан» партиясымен байланыстырамыз»,-деді Басқарма төрағасы.