Қазақстанның бизнес-тренинг қызметі қайта жандана бастады - Леонид Гуревич

АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның бизнес-тренинг қызметін көрсету нарығындағы орташа бағаны айту өте қиын.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы BAS бағдарламасының бастамасы мен қолдауы арқылы жүргізілген алғашқы кешенді зерттеу жұмысының қорытындысын жариялау кезінде айтылды.

«Бизнес-тренинг қызметін көрсетуде орташа бағаны айту қиын. Бұған оның салалық ерекшелігі мен ашық және оңаша жағдайда өтуі өз ықпалын тигізеді. Кейбір мәліметтерді тапсырыс берушілердің өтініші бойынша жабық жағдайда ұстаймыз. Бизнес-тренинг өткізуге тапсырыс беру тәжірибесі жоқ тұтынушыларға оның бағасы нақты құнынан 10 есе төмен болып отыр», - дейді «Бизнес-ақпараттар, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығы» ЖШС-нің президенті Леонид Гуревич.

Оның айтуынша, 2010 жылы бизнес-тренинг қызметі нарығында жандану байқалды. Зерттеу қорытындысы тапсырыс берушілердің бақылаумен сәйкес келіп отыр. Ал Қазақстан бизнес-тренерлер клубының президенті Майя Цыганенконың сөзіне қарағанда, 2009 жылы нарықта құлдырау үрдісі көрініс тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар