Қазақстанның бизнес-тренинг қызметі нарығы 2010 жылы 9 миллилон долларға жуық қаржыны құрайды - Л. Гуревич

АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның бизнес-тренинг қызметін көрсету нарығының әлеуеті 18 миллион долларды құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы BAS бағдарламасының бастамасы мен қолдауы арқылы жүргізілген алғашқы кешенді зерттеу жұмысының қорытындысын жариялау кезінде айтылды.

«Бизнес-тренинг қызметін көрсету нарығында 230 резидент компания бар. Олардың капиталында шетелдік капиталдың да болуы мүмкін. Біз шетелдік компаниялардан жаттықтырушыларды шақыруды бөлек қарастырдық. Шетелдік жетекші ірі компаниялар мұнда көп емес. Жалпы бизнес-тренинг нарығының көлемін анықтау қиын. Онда әртүрлі әдісті қолданып, негізінен ұсыныс пен сарапатамалық бағаға сүйендік. Біздің бағалауымызша, ағымдағы нарықтың көлемі 9 миллион долларға жуық», - дейді «Бизнес-ақпараттар, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығы» ЖШС-нің президенті Леонид Гуревич.

Оның пайымдауынша, Қазақстанның бизнес-тренинг қызмет көрсету нарығының әлеуеті айтарлықтай жоғары. Ол 18 миллион долларды құрайды. Жалпы нарықтағы бизнес-тренингтердің құрылымында 55 пайызын сауданы, 48 пайызы персоналдарды басқару, 41 пайызы сауданы басқаруды құрайды. Қаржылық, оперативтік, стратегиялық менеджмент 40 пайызға жуық, ал 14 пайызын логистикалық бизнес-тренингтер құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар